Құжаттар
Соңғы қарыз алушыға (жеке тұлғаға) кредиттік желі ашуға арналған құжаттар тізбесі:
Құжаттың атауы
Шаруа қожалығын/Жеке кәсіпкерлікті (ШҚ / ЖК) тіркеу туралы куәлік/ анықтама (БСН көрсете отырып, қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын ЖК үшін);
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берген Салық органынан ШҚ (фермерлік шаруашылық) құрамы туралы анықтама/ жазбаша мәліметтер.
* Ұсынылған құжаттар бойынша ШҚ/ФҚ қатысушыларының құрамы бойынша айырмашылықтар болған жағдайда, Корпорация ШҚ мүшелерін көрсете отырып, шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жеке меншік құқығында немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығында жер учаске/-сін/-лерін берген жергілікті атқарушы органның анықтамасын қосымша сұратуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органның шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жеке меншік құқығымен немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен жер учаске/-сін /-лерін беру /болуы туралы шешімі, жер учаскесін/ учаскелерін жалдау (сатып алу - сату) туралы шарт және жеке меншік не уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына акт;
ШҚ/ЖК қол қою үлгілері және мөр бедері бар карточка (Корпорацияда көрсетілген құжаттар болған жағдайда - оларды қайта ұсыну талап етілмейді);
ШҚ/ЖК басшысының жеке куәлігі, ШҚ-ның бірнеше мүшесі болған жағдайда – ШҚ-ның барлық мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері;
Қарыз тартуға (кепілдік беруге) оның сомасын, мерзімін және нысаналы пайдаланылуын көрсете отырып, шаруа (фермер) қожалығының барлық мүшелерінің (шаруа (фермер) қожалығының басшысы қызметін жеке кәсіпкерлік негізінде жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда) келісімі. Ескертпе: Келісім шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің жалпы жиналысының хаттамасы/шешімі түрінде ресімделуі мүмкін.
Салық комитетінің есепті тапсыру туралы белгісі бар соңғы есепті жыл үшін салық декларациясы немесе электрондық растау;
Қызмет көрсететін банктің шоттардың болуы, несие/мерзімі өткен берешек, айдың басындағы және аяғындағы, соңғы 12 айдағы кіріс және шығыс ақша қалдығы көрсетілген айналымдар туралы, К-2 бойынша берешектің болуы/болмауы туралы анықтамасы (анықтаманы беру мерзімі КС жобасын қарау күніне дейін 3 айдан ерте емес);
Қарыз алушыда өтінім берілген күннің алдындағы соңғы есепті тоқсандағы салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама, не салық қызметі органдары берген салыстырып тексеру актісі.
Негізгі құралдарды сатып алу кезінде – Сыбаға, Алтын асық, Құлан бағдарламаларынан басқа сипаттамасы бар келісімшарттар/жеткізуге арналған шарттар/коммерциялық ұсыныс, импорттық селекциялық ІҚМ кредит беру (мал үшін қолма-қол есеп айырысу кезінде).
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) қаржыландыру кезінде (егер КС қатысушысының жобасында құны 30 млн. теңгеден асатын объектілер салу және/немесе жабдықтар мен техниканы сатып алу көзделген жағдайда) келесі құжаттардың көшірмелерін ұсыну қажет:
- жер пайдалану құқығының актісі; жергілікті атқарушы органның өтініш берушіге құрылыс үшін берілген жерге тиісті құқық беру туралы шешімі немесе қолданыстағы объектіні өзгертуге рұқсат; сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
- жұмыс жобасына сараптамалық қорытынды; сызбалар мен сметалық құжаттама құрамындағы жұмыс жобасы;
- МСҚБ-ға қабылдау туралы белгісі бар ҚМЖ өндірісінің басталғаны туралы хабарлама; мердігерлік жұмыстарға шарттар, техқадағалау;
- құрылыс жұмыстарын орындаушылардың лицензиясы және техникалық қадағалау қызметтеріне аттестат;
- ғимараттарды, құрылыстарды жөндеу кезінде - кемінде 3 өкіл қол қойған ақаулы ведомость;
- жылжымайтын мүлік объектісінің техпаспорты; жер пайдалану (меншік не жалға алу) құқығының актісі;
- Тапсырыс беруші бекіткен жөндеу жұмысы құнының сметалық есебі..