Біздің сайтқа қош келдіңіз
«Қазығұртнесие» кредиттік серіктестігі» ЖШС - Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылында бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын кредит берудің қолжетімді жүйесін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын компания.
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты - серіктестік қатысушыларының қаржы ресурстарына қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру, серіктестікті дербес қаржы институты, баламалы банк жүйесі ретінде нығайту және дамыту. КС қызметінің негізгі бағыты Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру болып табылады, ол ауыл шаруашылығын қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында КС қатысушыларына несие қаражатын бөледі.