Қызметтер
Кредиттік серіктестік қатысушыларының артықшылықтары:
- Кредиттік серіктестіктің қызметтерін пайдалана алады;
- Кредиттік серіктестіктің істерін басқаруға қатыса алады;
- Кредиттік серіктестік органдарына сайлауға қатыса алады және сайлана алады;
- Өтінімдері қысқа мерзімде қаралады (2 күннен 9 күнге дейін);
- Қолданыстағы заңнама нормаларына қайшы келмейтін кез келген, оның ішінде ауылдық жерде орналасқан мүлік кепілге қабылданады;
- Ағымдағы қызметті жүргізуге байланысты мәселелерді шешуде қатысушыларға уақытылы көмек көрсетіледі.
Қатысушыларға мынадай мәселелерді шешуге жәрдем беріледі: алынған қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған конкурстарға қатысу кезінде сүйемелдеу және басқалар;
- Кредиттік серіктестіктің қызметі туралы ақпарат ала алады.