Аймақтың игілігі үшін жұмыс істейміз!

+7-705-688-48-70

Кері қоңырау

Басты бет/Біз туралы

Біз туралы

     «Қазығұртнесие» кредиттік серіктестігі» ЖШС - Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылында бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын, кредит берудің қолжетімді жүйесін қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын компания.

     Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты - серіктестік қатысушыларының қаржы ресурстарына қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру, серіктестікті дербес қаржы институты, баламалы банк жүйесі ретінде нығайту және дамыту. КС қызметінің негізгі бағыты Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін несиелендіру болып табылады, ол ауыл шаруашылығын қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында КС қатысушыларына несие қаражатын бөледі.

 «Қазығұртнесие» КС» ЖШС (бұдан әрі – «КС») 2002 жылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде құрылды.

КС қызметінің негізгі түрлері ұлттық валютада келесі операцияларды жүргізу болып табылады:

  • ақша аудару операциялары: ақша аудару жөніндегі тапсырмаларды орындау;
  • қарыз операциялары: ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру;
  • Кредиттік серіктестік қатысушыларының төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
  • аккредитивті ашу (ұсыну) және растау, ол бойынша міндеттемелерді орындау;
  • лизингтік қызметті жүзеге асыру;

Кредиттік серіктестік қатысушыларының банктік шоттарын ашу және жүргізу;

Кредиттік серіктестіктің қатысушылары үшін Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидаларда көзделген сомалар шегінде ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктер, кепілгерліктер және өзге де міндеттемелер беру;

факторингтік операциялар: төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, Кредиттік серіктестіктің қатысушысынан, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушыдан төлем жүргізуді талап ету құқығын сатып алу;

«Қазығұртнесие» КС» ЖШС Жарғысына сәйкес кредиттік серіктестіктің жарияланған Жарғылық капиталы 150 426 мың теңге мөлшерінде белгіленген, бұл кредиттік серіктестіктер үшін айқындалған жарғылық капиталдың ең аз мөлшері туралы талаптарға сәйкес келеді. Кредиттік серіктестіктің нақты қалыптастырылған Жарғылық капиталы 150 426 мың теңгені құрайды.

Кредиттік серіктестіктің құрылтайшылары 150 заңды және жеке тұлға болып табылады. Кредиттік серіктестіктің жоғары басқару органы кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады.

Кредиттік серіктестік персоналының орташа саны жыл ішінде 10 адамды құрайды.

Кредиттік серіктестіктер туралы:

     «Кредиттік серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік серіктестік - өз қатысушылары үшін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын коммерциялық ұйым.

     Кең мағынадағы түсінігінде кредиттік серіктестік (әр түрлі елдерде кредиттік кооперацияның басқа түрлері де қолданылады - кредиттік одақтар, несиелік кооперативтер) - бұл жеке және заңды тұлғалардың қаражатын өзара кредиттеу үшін біріктіретін кооперативтік қаржы ұйымы және бұл қызметтерді ол тек өз мүшелеріне ғана ұсынады.

     Кредиттік серіктестіктердің негізгі міндеті - қаржылық қызметтерді халық үшін қолжетімді ету. Экономикалық делдал рөлін орындай отырып, кредиттік серіктестіктер де өз қатысушыларының қаржылық сауаттылығын арттыру және оқыту бойынша белсенді жұмыс істейді, оларға кредиттерді үнемдеу және ұтымды пайдалану дағдыларын үйретеді.

     Кредиттік серіктестік - бұл банктердегі сияқты капиталды біріктіру емес, адамдар бірлестігі болып табылатын қаржылық кооператив. Банктің қызметтерін пайдаланатын клиенттердің шеңбері шектелмеген. Банктерден айырмашылығы, кредиттік серіктестіктер өз қызметін белгілі бір тұлғалар тобымен шектейді, яғни кредиттік серіктестіктің қызметтерін тек оның қатысушылары ғана пайдалана алады.

     Банктердегі меншік белгілі бір адамдардың (акционерлердің) қолында шоғырланған, бұл бірнеше ірі иеленушілердің бақылау жасауына мүмкіндік береді. Жарғылық капиталдағы жарна мөлшеріне қарамастан, кредиттік серіктестіктің қызметін басқаруға және бақылауға қатысу кезінде тең құқықтарды пайдалана отырып, кредиттік серіктестіктің барлық қатысушылары оның меншілік иелері болып табылады.

     Банктердің мақсаты көп жағдайда пайда табу болып табылады. Ал, кредиттік серіктестіктің қызметі, ең алдымен, тартымды қаржылық қызметтерді ұсыну арқылы оның мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, сондықтан кредиттік серіктестік үшін пайда табу негізгі мақсат емес. Кредиттік серіктестіктердің қызметі мүшелерінің қажеттіліктерін қолжетімді қаржылық қызметтер көрсету арқылы қанағаттандыруға бағытталған.

     Кредиттік одақта қатысушылар негізінен серіктестіктің Жарғылық капиталындағы жарна мөлшеріне қарамастан, тең құқықтарға ие болады (бір қатысушы - бір дауыс).

     Кредиттік серіктестіктің саясатын қатысушылардың өздері (сайланбалы органдар арқылы) айқындайды. Әрбір қатысушы кредиттік серіктестіктің бірлескен иесі болып табылады.

     Кредиттік серіктестікке кіруге ниет білдірген және одақтың Жарғылық қорына пайлық (мүшелік) жарна енгізген кез келген заңды немесе жеке тұлға кредиттік серіктестіктің қатысушысы бола алады. Кредиттік серіктестік қатысушыларының саны үштен кем болмауға тиіс.

Кредиттік серіктестік мүшелері:

  • кредиттік серіктестіктің қызметтерін пайдалануға;
  • кредиттік серіктестік істерін басқаруға қатысуға;
  • кредиттік серіктестік органдарына сайлауға және сайлануға;
  • Заңға және серіктестіктің құрылтай құжаттарына сәйкес кредиттік серіктестік қызметінен кіріс алуға;
  • Заңда және кредиттік серіктестіктің жарғысында көзделген тәртіппен кредиттік серіктестікке қатысуды тоқтатуға;
  • кредиттік серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және серіктестіктің Жарғысында көзделген тәртіппен оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға құқылы.

Кредиттік серіктестіктердің қызметі

     Кредиттік серіктестіктердің қаражаты өз қатысушыларына кредиттер беруге жіберіледі. Сондай-ақ өтімділікті қолдау мақсатында белгілі бір сомалар басқа қаржы институттарындағы шоттарда сақталуы мүмкін.

     Қазақстан Республикасында құрылатын кредиттік серіктестіктің мүшелері жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да бола алады, ал басқа елдердің көпшілігінде кредиттік одақтар негізінен жеке тұлғалар үшін құрылады. Айырмашылық сондай-ақ, Қазақстанда кредиттік серіктестікке қатысу ашық болып табылатындығында, яғни оған кіруге ниет білдірген кез келген тұлға кредиттік серіктестіктің қатысушысы бола алады.

     Кредиттік серіктестік кредиттік серіктестік қатысушыларының Жалпы жиналысы бекіткен кредиттік саясатқа сәйкес мерзімділік, қайтарымдылық және ақылылық қағидаттарында шарттық негізде өз қатысушыларына ғана кредиттер береді. Кредиттік серіктестіктің кредит саясаты және басқа да ішкі нормативтік құжаттары берілетін кредиттердің ең жоғары мөлшерін, кредит бойынша мерзімдер мен пайыздарды белгілеу тәртібін, кепілмен қамтамасыз етудің қолайлы нысандарын, сондай-ақ берілген кредиттер бойынша мониторингті жүзеге асыру жөніндегі талаптарды айқындайды. Кредит беру туралы шешім қабылдау кезінде қарыз алушының төлем қабілеттілігіне ерекше назар аударылады.

     Кредиттік серіктестік қарызды жарғылық капиталдың қаражаты, кредиттік серіктестіктің кірісі, сондай-ақ заңға сәйкес басқа көздерден тартылған қаражат есебінен бере алады.

     Кредиттер тұтынушылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған кредиттер болуы мүмкін. Әдетте, агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) Кредиттік серіктестіктері қауымдастығының құрамына кіретін кредиттік серіктестіктер ауылда ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнесті дамытуға және ауыл бизнесін дамытуға мынадай бағдарламалар бойынша кредиттер береді:

  • Өсімдік шаруашылығын дамыту;
  • Мал шаруашылығын дамыту;
  • Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу;
  • Ет бағытындағы ІҚМ/ҰҚМ өсіруге арналған несиелеу бағдарламасы («Сыбаға»);
  • Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың инфрақұрылымын дамыту;
  • Айналым қаражатын, оның ішінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру арқылы АӨК субъектілерін қолдау;
  • Жаңа ауыл шаруашылығы техникасын/арнайы техниканы/автокөлікті және/немесе аспалы/тіркемелі жабдықты (жеңіл автокөлікті қоспағанда) сатып алуға арналған бағдарлама («Агротехника»).

     Кредитті уақтылы не толық өтемеген кредиттік серіктестік мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кредиттік серіктестік мынадай шаралар қабылдауға құқылы:

  • кредит бойынша мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұл өндіріп алу;
  • мерзімі өткен кредитті қайтару бойынша қарыз алушымен байланыс орнату (тұрғылықты жері бойынша және жұмысына бару, телефонмен хабарласу);
  • құқық қорғау органдары мен прокуратураға жүгіну;
  • кепілзатты алып қоюға және сатуға;
  • кепілзатқа тыйым салу және сату бойынша сотқа жүгіну.

Кредиттік серіктестікте басқару және бақылау.

     Кредиттік серіктестікте басқарудың басты міндеті - оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

     Кредиттік серіктестікті оның мүшелерінің Жалпы жиналысы, Басқарма, Тексеру комиссиясы, Бақылау кеңесі басқарады.

     Кредиттік серіктестіктің жоғары басқару органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы болып табылады. Кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу тәртібі кредиттік серіктестіктің Жарғысында көзделеді. Кредиттік серіктестік қатысушыларының жыл сайынғы (жылдық) жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей өткізіледі. Жыл сайынғы жиналыстардан басқа, кредиттік серіктестік Басқармасының немесе кредиттік серіктестік қатысушыларының кемінде жиырма бес пайызының бастамасы бойынша шақырылатын кезектен тыс жиналыстар өткізілуі мүмкін.

Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне мынадай мәселелер бойынша шешімдер жатады:

  • серіктестіктің нәтижесінде серіктестік құны серіктестік активтері құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алатын немесе иеліктен шығаратын мәмілені немесе жиынтығында өзара байланысты мәмілелерді жасауы туралы;
  • серіктестіктің міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомаға ұлғайту туралы;
  • кредиттік серіктестік қызметінің бағыты туралы;
  • кредиттік серіктестіктің кредиттік және инвестициялық саясатын айқындау туралы;
  • Басқарма, Тексеру комиссиясы (тексеруші) мүшелерінің және кредиттік серіктестіктің басқа да қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы;
  • қатысушылардың қосымша жарналар енгізуі және алып қою тәртібін белгілеу туралы;
  • кредиттік серіктестіктің активтерін есептен шығару тәртібі туралы;
  • қатысушыларды кредиттік серіктестікке қабылдау және шығару тәртібі туралы;
  • шығыстар мен кірістердің жылдық сметасын және оның орындалуы туралы есепті бекіту туралы;
  • есеп саясатын қалыптастыру туралы;
  • жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы;
  • өзге де мәселелер бойынша.

     Кредиттік серіктестіктің Басқармасын қатысушылардың жалпы жиналысы сайлайды және ол кредиттік серіктестіктің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

     Кредиттік серіктестік Басқармасы жыл сайын кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.

Кредиттік серіктестік басқармасының өкілеттіктеріне мыналар кіреді:

  1. кредиттік серіктестік қызметінің ішкі қағидаларын қабылдау туралы және оларды кейіннен өзгерту туралы ұсыныстар дайындау;
  2. кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының қарауына кредиттік және инвестициялық саясатқа қатысты ұсыныстар дайындау және енгізу, кредиттік серіктестіктің ішкі кредиттік саясаты және кредиттік комитеті туралы қағидаларды әзірлеу;
  3. шығыстар мен кірістердің жылдық сметасын және оның орындалуы туралы есепті дайындау және ұсыну;
  4. жылдық қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну;
  5. қызметкерлер үшін еңбекақы мөлшерін белгілеу;
  6. қатысушыларды кредиттік серіктестікке қабылдау және серіктестіктен шығару мәселелері бойынша құжаттарды дайындау және оларды кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына шығару;
  7. кредиттік серіктестіктің ағымдағы қызметіне байланысты және кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

     Кредиттік серіктестіктің басқару органдарының қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін жалпы жиналыста одақ мүшелерінің қатарынан Тексеру комиссиясы сайланады. Кредиттік серіктестік басқармасының, кредиттік комитеттің төрағасы мен мүшелері, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстары Тексеру комиссиясының мүшелері бола алмайды.

Тексеру комиссиясының (тексерушінің) өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген мәселелерден басқа мыналар кіреді:

  1. мерзімді жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы кредиттік серіктестік, оның органдары мен лауазымды адамдары жасайтын әрекеттер мен операциялардың Қазақстан Республикасы заңнамасының және кредиттік серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігін айқындау;
  2. кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына және Басқармаға кредиттік серіктестік қызметін жақсарту жөнінде ұсынымдар беру.

Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Д. Қонаев көшесі, №149 Е үй

Индекс 160300

Телефон: +7 (72539)-2-25-49

БІЗДІ ҚАЛАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ